BoxingScene сайтының редакторы Эллиот Фостер қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-1, 3 КО) Доминикан Республикасының боксшысы Хуан Карлос Абреуден (23-6-1, 21 КО) жеңіліп қалғанына кімнің кінәлі екенін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол бұған дейін жеңілген қазақстандық туралы айтып, жалпы жеңіліске не себеп болғанын түсіндірді.

WBC International белбеуі сарапқа салынған кездесу 29 қазан күні Лондондағы (Англия) бокс кешінде өтті. Кездесудің басында Абреу нокдаунға түскен еді. Бірақ жетінші раунда ол Құлахметке бірнеше жақсы соққыларын дәл тигізіп, кейін нокаутқа түсірді. Бұл Тұрсынбайдың кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі болды.