Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Зоя Кравченко Ларнакада (Кипр) өтіп жатқан Әлем кубогынының финалында жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол микс-командалар арасында «скит» жаттығуында жақсы нәтиже көрсетті. Спортшы француз Эрика Делунэймен жұптасып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Бағдарламаның бұл түріндегі финал ертең, 23 қазанда өтеді.