Бокстан Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев қызметін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінде жалғастырады. Бұл туралы өзі журналист Динара Сатжанға берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді.