Италия А Сериясының 8-турының матчында «Милан» өз алаңында «Веронаны» қабылдады.

«Милан» бірінші таймнан кейін 0:2 ұтылып жатып, екінші таймда жауапсыз үш гол соқты.

Осылайша «Милан» 22 ұпай жинап, турнир кестесінің көшбасшысына шықты. «Верона» 8 ұпаймен он үшінші орында қалды.

Италия чемпионаты. 8 тур

«Милан» - «Верона» - 3:2

Голдар: Капрари, 7 (0:1), Барак, 24 - пенальтиден (0:2), Жиру, 59 (1:2), Кессие, 76 - пенальтиден (2:2), Гюнтер, 78 - өз қақпасына (3:2).