Франция чемпионатының 10 -турының ашылу матчында «ПСЖ» өз алаңында «Анжермен» кездесті.

Кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Париждіктер Анджело Фулгенидің голына Данило мен Килиан Мбаппенің дәл соққылармен жауап берді.

Осы ойыннан кейін «ПСЖ» 27 ұпай жинап, турнир кестесінде сенімді көш бастап тұр. «Анжердің» 16 ұпайы бар және төртінші орынға жайғасқан.