«Ньюкасл» командасының жаңа иесі бас бапкер қызметіне Жозе Моуриньоны шақыруды жоспарлап отыр.

Әлемдегі ең бай жеке фондтың иесі Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд команданың қазіргі бапкрі Стив Брюстың орнын басатын маманды іздестіріп жатыр.

Қалтасы қалың клуб қожайынның бастапқыда Зинедин Зиданға көзі түскен. Алайда француз маманы бас тартыпты. Енді оның орнына Жозе Моуриньо шақырту алады.