Алматылық «Қайрат» ойыншыларының сенімді тобына Қазақстанның ұлттық, жастар (U-21) және жасөспірімдер (U-19) командаларына, сондай-ақ басқа елдердің құрама командаларына шақырулар түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрамаға шақырылған алматылық клуб ойыншыларының тізімі төмендегідей:

Қазақстан U-19: Темірлан Анарбеков, Александр Широбоков, Арсен Азатов, Владислав Кравченко, Ғалымжан Кенжебек, Әлішер Рахымжанов, Ян Труфанов, Диас Кушкумбаев

Қазақстан U-21: Данил Устименко, Андрей Ульшин, Арсен Буранчиев, Еркебұлан Сейдахмет, Данияр Үсенов

Қазақстан (ұлттық құрама): Стас Покатилов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Артур Шушеначев

Армения: Камо ОванисянЧерногория: Небойша КосовичГвинея: Хосе Канте

Халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан, Армения, Черногория және Гвинея ұлттық құрамалары 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде келесі матчтарын өткізеді, ал Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамалары Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнайды.

Фото fckairat.com