Қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азия футбол конфедерациясының күнтізбесі бойынша Өзбекстан құрамасы Амманда (Иордания) оқу -жаттығу жиынын өткізеді. Осыдан кейін, Сречко Катанец шәкірттері Малайзиямен (9 қазан) және Иорданиямен (12 қазан) жолдастық кездесу өткізеді.

Игорь Сергеев биылғы шілдеде «Ақтөбеден» «Тобылға» ауысты. Қостанайлық команда сапында футболшы дәл қазір 6 гол соқты (2 - Конференциялар лигасында, 3 - Қазақстан кубогында және бір гол - Қазақстан чемпионатында).

Фото fctobol.kz