Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) жаттықтырушылар штабы 6-12 қазан аралығында Остравада (Чехия) өтетін Еуропа чемпионаты-2022 іріктеу турниріне қатысатын команданың құрамын жариялады, Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуро -2022 іріктеуінің жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы Чехия, Дания және Солтүстік Ирландия құрамаларымен бірге 13 -топқа енді.

30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстан жастар құрамасы Прагада оқу -жаттығу жиынын өткізеді. Команданың аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов 20 ойыншыны шақырды.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Әлішер Сүлеймен («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Арсен Азатов, Владислав Кравченко, Александр Широбоков (барлығы – «Қайрат»), Асқар Сатышев («Тараз»), Егор Ткаченко («Кайрат Москва»);

Жартылай қорғаушылар: Муроджон Халматов, Зикрилло Султаниязов (екеуі - «Ордабасы»), Диас Кушкумбаев («Қайрат»), Мұқағали Пангерей, Бауыржан Рахмет («Тараз»), Мақсат Рамазанов («Жас Қыран») Вадим («Ақсу»);

Шабуылшылар: Мирас Амантаев («Тараз»), Данил Анкудинов («Родина Мәскеу», Ресей), Абзал Қалау («Ордабасы»), Ғалымжан Кенжебек, Әлішер Рахымжанов, Ян Труфанов (барлығы – «Қайрат»).

Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов - аға жаттықтырушы, Валерий Белгибаев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Игорь Маштаков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Азат Құрманов - қақпашылар жаттықтырушысы, Алмас Бузаубаев - дәрігер, Анатолий Ребиков - массажист, Владимир Горячий - видеограф, Серик Жугралин - администратор.

19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының матчтар кестесі:

6 қазан

Чехия U19 - Қазақстан U19 (22:00)

9 қазан

Дания U19 - Қазақстан U19 (19:00)

12 қазан

Қазақстан U19 - Солтүстік Ирландия U19 (19:00).