Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шығуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдың алғашқы матчында «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» 3:0 есебімен жеңді. Алаң иелері сапында Вагнер Лав, Канте мен Рикарду Алвеш көзге түсті.

Енді Қызылордада қарымта матч өтеді.