«Астана» футболдан Қазақстан кубогының ширек финалындағы «Каспийге» қарсы қарымта матчтың овертаймында гол соғып, жеңісті жұлып әкетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмай, командалар овертайм ойнады. Кездесудің 116-минутында Исламбек Қуат гол соғып, қонақтарға жеңіс сыйлады.

Қазақстан кубогы – 2021. 1/4 финал. Қарымта матч.

«Каспий» – «Астана» 0:1 (0:1)

Бірінші матч – 3:3.

Гол: Қуат 116.

22 қыркүйек. Ақтау. «Жас Қанат».