Қостанайлық «Тобыл» футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петропавлдық «Қызыл-Жарға» қарсы өз алаңындағы матчта «Тобыл» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Роман Асранкулов 61-минутта соқты.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңген қостанайлық клуб Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты.