Паралимпиада ойындарының оныншы жарыс күнінде қазақстандық таеквандошылар бақ сынайды, деп жазады Prosports.kz.

Параканоэ жарысында Бейбарыс Сыпатай сынға түседі. Зульфия Ғабидуллина 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден жарысады.

Қазақстандық таеквандошы Камила Досмалова алғашқы айналымда сербиялық Мария Мичевпен кездеседі. Ал Нұрлан Домбаевтың қарсыласы әлі анықталған жоқ.

3 қыркүйектегі жарыс кестесі

Параканоэ

7:05. Байдарка 200 м. KL2. Ерлер. ЖартылайфиналБейбарыс Сыпатай

Паражүзу

7:11. 50 м арқамен жүзу. S4. Әйелдер. Бастапқы кезең15:31 50 м арқамен жүзу. S4. Әйелдер. ФиналЗульфия Ғабидуллина

Паратаеквондо

7:45 Әйелдер K44 58 келіге дейін. Бірінші кезеңКамила Досмалова – Мария Мичев (Сербия)

10:00. Ерлер К44 75 келіге дейінНұрлан Домбаев – қарсыласы белгісіз