Словенияда спорттық гимнастикадан FIG World Challenge Cup 2021 додасы басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коперде басталған әлем кубогы кезеңіне Қазақстан құрамасынан алты спортшы қатысады.Атап айтқанда, ерлер арасында Нариман Құрбанов, Фарух Набиев және Ильяс Азизов ел намысын қорғайды. Ал әйелдер сапынан Аида Бауыржанова, Дарья Ясинская мен Александра Шаметько жарыс жолына шығады.

Айта кетерлігі, әлем кубогының кезекті кезеңі 2-5 қыркүйек күндері өтеді.