Токио Паралимпиадасында әйелдер арасында 50 метрге еркін стильмен жүзуден S3 дәрежесіндегі жарыстың алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2016 жылы Рио Паралимпиадасының чемпионы қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина өз тобында төртінші орын алды, ол қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өткен. Осының арқасында алғашқы кезеңдегі жалпы хаттамада ол 8-орынға тұрақтап, финалға жолдама алды.

Финал 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады.

Айта кетейік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бес медаль түскен. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын медаль алса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанған. Ал кеше жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали қола медаль таққан болатын.

Фото: paralympic.kz