Уфа қаласында (Башқұртстан, Ресей) күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталуға жақын.

Өкінішке қарай, грек-рим күресінің өкілдері финалға шыға алмады.

55 келіге дейінгі салмақта белдескен Исхар Құрбаевтың қола жүлде алатын мүмкіндігі болған. Алайда, әзірбайжандық Эльмир Әлиевпен өткен кездесуде 3:1 есебімен қарсыласы жеңіске жетті.

Айта кетелік, Уфадағы әлемдік сында әйелдер күресінен Нулифар Раимова чемпион атанса, еркін күрестен Нұрдәулет Қуанышбай күміс жүлдеге қол жеткізді.