Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали (97 келіге дейін) Олимпиада ойындарында ширек финалдағы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің осы кезеңіндегі қарсыласы Сүлеймен Карадениз болды. Түрік спортшысы минимал басымдықпен ұтып кетті - 8:7. Жартылай финалдағы қарсыласы бүгін кешке анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқы кездесуде Ерғали алжирлік Мохаммед Фарджпен кездесуі керек еді, алайда солтүстік африкалық балуан кілемге шықпады.