Токио-2020. Әлішер Ерғали түрік балуанынан ұтылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық балуан Әлішер Ерғали (97 келіге дейін) Олимпиада ойындарында ширек финалдағы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің осы кезеңіндегі қарсыласы Сүлеймен Карадениз болды. Түрік спортшысы минимал басымдықпен ұтып кетті - 8:7. Жартылай финалдағы қарсыласы бүгін кешке анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқы кездесуде Ерғали алжирлік Мохаммед Фарджпен кездесуі керек еді, алайда солтүстік африкалық балуан кілемге шықпады.