Қазақстандық Валентина Исламова әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 2020 жылғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Исламова 1/8 финалда эквадорлық Люсия Ямиле Йепес Гусманимен кездесіп, 6:9 есебімен ұтылды.

Гусмани финалға шықса, қазақтсандық қола медаль үшін күреседі.