Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қайсанов жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковтан жеңілді.

Айта кетейік, Данияр Қайсанов енді қола жүлдеге таласады.

Сурет: Сали Сабиров, olympic.kz