«Ювентус» футбол клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың әпкесі Катя Авейру коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Оның індеті асқынып кеткендіктен, емханаға жеткізілді.

Бойжеткен 17 шілдеде ауырып, үйде оқшауланғанын, бірақ кейін оның жағдайы нашарлап, пневмонияға ұшырағаны белгілі болды. 23 шілдеде Португалияның Фуншал қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Бірақ Катя Авейру коронавирусқа сенбейтіндер қатарында. Ол былтардан бері пандемия әлемдегі ең үлкен алаяқтық екенін айтып жүр.