«Севильяның» орталық қорғаушысы Жюль Кунде «Челсидің» ойыншысы атануы мүмкін.

22 жастағы футболшы Лондон клубымен 2026 жылға дейін күші бар жеке келісімшарт жасасқан.

«Челси» мен «Севилья» клубтары да өзара келіссөз жүргізіп жатыр. Бұған дейін испандық клуб Кунде үшін шамамен 70-75 миллион еуро алғысы келетіні туралы ақпарат шыққан.

Өткен маусымда Ла Лигада француз 34 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.