Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, «Севильяның» қорғаушысы Жюль Кунде «Челси» сапына қосылады.

22 жастағы француз Лондон клубымен жеке келісімшарт талаптарын келіскен. Келісім 2026 жылға дейін есептеледі.

Трансфер сомасы шамамен 70-75 миллион еуроны құрайды.