Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Триестте өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші кезеңінде босниялық Нерман Фатикті 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2 сағат 17 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тимофей Скатов Челленджер іріктеуінің бірінші кезеңінде Беларусь өкілі Владимир Игнатикті жеңген болатын. Қарсылас ойынды жалғастырудан бас тартты.