Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ҚТФ сайтына берген сұхбатында Токио Олимпиадасында швед Ребекка Петерсонды жеңгеннен кейін әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бүгін жақсы ойнадым. Бірінші сеттің басында жиі асықтым, кей тұста дұрыс шешім қабылдай алмадым. Жалпы, мен өзімнің матчыма көңілім толады. Ауа райы кешегіден сәл жақсы болды. Бірақ ол әлі ылғалды, сондықтан доптар жаңасына ауыстырылған кезде қиын - әсер басқаша болады. Уимблдоннан кейін жақсы дайындалдым, физикалық тұрғыда жақсы сезінемін. Келесі кездесуге дайындаламын», - деді спортшы.

Фото Тұрар Қазанғапов, olympic.kz