Қазақстандық Кирилл Герасименко Токио Олимпиадасының үстел теннисінен ерлер арасындағы жекелей сынында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда Герасименко Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, әлем чемпионаттарының сегіз дүркін жүлдегері германиялық Тимо Болльпен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші партияда 11:7 есебімен жеңгенімен, кейінгі төрт сетте қарсыласына жол берді.

Тимо Болль (Германия) – Кирилл Герасименко (Қазақстан) 4:1 (7:11, 11:6, 11:7, 11:2, 11:1)

Фото Сали Сәбіров, olympic.kz