Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының екінші айналымынан өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финал жолдамасы сарапқа салынған матчта қазақстандық теннисші швед Ребекка Петерсонды 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат, 14 минутқа созылды.

Рыбакина үшінші айналымда беларусьтік Арина Соболенко мен хорват Данна Векич жұбының жеңімпазымен кездеседі.