17 маусымда және 18 маусымға қараған түні Румынияда, Копенгагенде және Амстердамда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінлегі 2-тур матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күні Румынияда басталады, мұнда Украина мен Солтүстік Македония құрамалары кездеседі. Екі команда да алғашқы матчында жеңіліп қалды, сондықтан бүгін алғашқы ұпайы үшін матч өтеді. Украина - Солтүстік Македония матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады, оны Qazsport телеарнасы көрсетеді, мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Копенгагенде Паркен стадионында Дания мен Бельгия құрамалары кездеседі. Матч қонақтары В тобының турнир кестесінде көш бастап тұр, Дания соңғы орында. Дания - Бельгия ойыны Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция Қазақстан астанасы уақытымен 21:50-де басталады, мына СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыздар.

С тобындағы 2-турдың тағы бір матчында Нидерланды мен Австрия құрамалары кездеседі. Нидерланды - Австрия матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 00:50-де басталады. Оны Qazsport арнасынан мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Еуро-2020: Ресей 9 жылда алғаш рет жеңді, Бэйл шеберлігін көрсетті, ал Италия плэй-оффқа шықты