Футболдан Ресей құрамасы Еуропа чемпионаттарындағы сәтсіз сериясына нүкте қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейліктер Санкт-Петербургте Еуро-2020 топтық кезеңінің екінші турында Финляндияны жеңген болатын.

Sports.ru мәліметінше, Ресей 2012 жылдың 8 маусымынан бері алғаш рет Еуропа чемпионаты матчында жеңіп отыр. Сол кезде команда Чехияны 4:1 есебімен тас-талқан еткен.

Осы тоғыз жыл ішінде Ресей құрамасы Еуропа чемпионатында екі рет тең түсіп, төрт мәрте жеңілген.