Еуропа чемпионатының кезекті ойын күні тосынсый әкелмеді. Prosports.kz – кешегі ойындардың ең қызық сәттері туралы.

Финляндия – Ресей 0:1

Ресейге бұл ойында жеңіс ауадай қажет болды. Бірақ финляндиялықтар оңай шағылар жаңғақ емес: 3-минутта гол соқты, бірақ офсайд. Қауіпті сезсе керек, Ресей осыдан кейін финн футболшыларына көп мүмкіндік бере қоймады. Бірақ ресейліктер де қарсылас қақпасына бір гол ғана соқты. Алексей Миранчук бірінші тайм соңына қарай әдемі гол салды. Бірнеше қорғаушының тасасынан тұрып, дәл соққы жасады. Осы голдың арқасында Ресей Еуропа чемпионаттарында тоғыз жылдан бері алғаш жеңіп отыр.

Ресейліктер үшін бұл матчтағы жалғыз сәтсіз жайт - Марио Фернандестің жарақат алуы. Ол әуедегі допқа талас кезінде шалқасынан құлады. Қорғаушы ауруханаға жеткізілді, жағдайы жақсы.

Еуропа чемпионаты – 2020. В тобы. 2-тур.

Финляндия – Ресей 0:1 (0:1)

Голдар: Ал. Миранчук 45+2.

Финляндия: Градецки (Қ), Араюури (К), О'Шонесси, Тойвио (Йенсен 85), Г. Камара, Лод, Пукки (Лаппалайнен 75), Шюллер (Кауко 67), Уронен, Похьянпало, Райтала (Сойри 75).

Ресей: Сафонов (Қ), М. Фернандес (Караваев 26), Дивеев, Оздоев (Жемалетдинов 61), Баринов, Зобнин, Джикия, Ал. Миранчук (Мухин 85), Головин, Дзюба (К) (Соболев 85), Кузяев.

16 маусым. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург».

Түркия – Уэльс 0:2

Бірінші матчта қақпаға дәл бір соққы да жасай алмаған Түркия топтың негізгі аутсайдеріне айналды. Түрік футболшылары мұнымен келіспесе де, Уэльске қарсы матчта оны дәлелдей алмады. Иә, алаң иелері бар күшін салғанымен, Уэльсте Гарет Бэйл бар. Футбол әлеміндегі гольфшының екі нәтижелі пасы Түркияны жеңуге жеткілікті болды. Бэйл өзі де гол соға алар еді, бірақ пенальтиден тепкен добы аспанға ұшты.

Еуропа чемпионаты – 2020. А тобы. 2-тур.

Түркия – Уэльс 0:2 (0:1)

Голдар: Рамзи 42, К. Робертс 90+5.

Соғылмаған пенальти: Бейл 61.

Түркия: Чакыр (Қ), Челик, Сеюнчю, Йокушлу (Демирал 46), Туфан (Языджы 46), Юндер (Кахведжи 83), Караман (Дервишоглу 75), Чалханоглу, Мераш (Мюлдюр 72), Йылмаз (К), Айхан.

Уэльс: Уорд (Қ), Б. Дэвис, Родон, Аллен (Ампаду 73), Рамзи (Уилсон 85), Бейл (К), Мур, К. Робертс, Моррелл, Джеймс (Н. Уильямс 90+4), Мепам.

16 маусым. Баку. «Олимпийский».

Италия – Швейцария 3:0

Фавориттің айқын жеңісі. Мануэль Локателлидің бенефисі. Чиро Иммобиленің жойқын соққысы. Мұның бәрін бейнешолудан көруге болады.

Еуропа чемпионаты – 2020. А тобы. 2-тур.

Италия – Швейцария 3:0 (1:0)

Голдар: Локателли 26, 52, Иммобиле 89.

Есепке алынбаған гол: Кьеллини 19

Италия: Доннарумма (Қ), Ди Лоренцо, Бонучи, Кьеллини (К) (Ачерби 26), Спинацола, Барелла (Кристанте 87), Жоржиньо, Локателли (Пессина 86), Берарди (Толои 70), Иммобиле, Л. Инсинье (Кьеза 69).

Швейцария: Зоммер (Қ), Аканжи, Шер (Цубер 58), Эльведи, Родригес, Г. Джака (К), Фрейлер (Соу 84), Мбабю (Видмер 58), Эмболо, Шачири (Варгас 76), Сеферович (Гавранович 46).

17 маусым. Рим. «Олимпико».