Алматыда OCTAGON 20 турниріне қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты шайқасында қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) қырғызстандық Арген Маликовпен (5-2) кездеседі. Жекпе-жек 56.7 келі салмақта өтеді.

Екінші маңызды текетіресте Бекжан Өтемісов (7-1) Бекзат Алмахановпен (8-1) күш сынасады. Екі қазақстандықтың жекпе-жегі жеңіл салмақта (61,2 келі) өтеді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Еске салайық, OCTAGON 20 турнирі 16 маусымда Алматыда өтеді. Тікелей трансляция OCTAGON TV Youtube каналында қол жетімді. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталатын кешке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның спортшылары қатысады.

Сондай ақ, Руслан Серікпұлов, Самбет Найманбаев, Бекзат Алмахан, Рүстем Мұхатов және Алишер Ғабдуллин секілді қазақстандық файтерлер октогонға шығады.

Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.