EAGLE FC 37 турнирінің толық карды белгілі болды. Шара 18 маусым күні Алматыда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алматы Аренадағы» кештің басты шайқасында Шамиль Завуров (39-6-1) бразилиялық Рикардо Тирлониге (21-8-0) қарсы төбелеседі.

Бұл турнирде Исатай Темиров, Жасұлан Әкімжан, Санжар Әділов қазақстандық файтерлер де бақ сынайды.

Хабиб Нурмагомедов турнирдің құрметті қонағы болады.