ВИДЕО. OCTAGON 20 турниріне қатысушылар салмақ өлшеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАлматыда OCTAGON 20 турниріне қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты шайқасында қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) қырғызстандық Арген Маликовпен (5-2) кездеседі. Жекпе-жек 56.7 келі салмақта өтеді.
Екінші маңызды текетіресте Бекжан Өтемісов (7-1) Бекзат Алмахановпен (8-1) күш сынасады. Екі қазақстандықтың жекпе-жегі жеңіл салмақта (61,2 келі) өтеді.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.
Еске салайық, OCTAGON 20 турнирі 16 маусымда Алматыда өтеді. Тікелей трансляция OCTAGON TV Youtube каналында қол жетімді. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталатын кешке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның спортшылары қатысады.
Сондай ақ, Руслан Серікпұлов, Самбет Найманбаев, Бекзат Алмахан, Рүстем Мұхатов және Алишер Ғабдуллин секілді қазақстандық файтерлер октогонға шығады.
Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.