Бүгін, 14 маусым күні Афинада (Грекия) су добынан әлемдік әйелдер лигасында суперфинал басталады. Аталған додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Қазақстан құрамасы В тобында Испания, АҚШ және Грекия командаларына қарсы ойнайды. Ал А тобына Канада, Венгрия, Жапония және Ресей елдері түскен.

Жарыстың алғашқы үш күнінде топтық кезеңдегі орындарды анықтау үшін іріктеу кезеңі өтеді. Бейсенбі күні ширекфиналдық сайыстар басталады.

Су добынан ел құрамасының алғашқы қарсыласы Испания командасы болмақ. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.