Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы 2021 жылғы Азия кубогына іріктеу кезеңінде Иорданиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кездесу 80:70 есебімен (19:18, 15:21, 25:12, 21:19) қарсыластардың пайдасына жазылды. Бұған дейін иордандықтар Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде де жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан сапынан Николай Бажин мен Дмитрий Гаврилов 14 ұпайдан жинаса, Вадим Щербак 12, Шаим Қуанов 8 ұпай еншіледі.

ФИБА рейтингінде Иордания 40-шы, Қазақстан 74-ші орында тұр.