Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2021 жылғы Азия кубогына іріктеу аясында топтағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында иорданиялық баскетболшылар 80:70 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы сапындағы ең нәтижелі ойыншы Николай Бажин болды. Ол 14 ұпай жинады.
Осылайша, Иордания мен Қазақстан құрамасы Азия кубогына жолдама алды.
Комментарии