Спортшы Алина Әділханова Ташкентте өткен Азия чемпионатында лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көпсайыстан жекелей жарыста бір ғана жолдама сарапқа салынды.

Бұл сында Қазақстан атынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова өнер көрсетті.

Бүгін, 10 маусымда көпсайыс финалы өтті. Әділханова 95,15 ұпай жинай алды, соның арқасында ол алтын медаль мен лицензия алды.

Адиля Тілекенова жетінші орынға ие болды.