Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Ел құрамасына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың кезекті күнінде таспа бойынша жаттығулар мәресіне жетті. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі Адиля Тілекенова қола жүлде еншіледі.

Қытайлық Ятинг Жао жарыста топ жарса, Тахмина Икрамова екінші орынға ие болды. Айта кетерлігі, 19.40 ұпайын еншілеген Алина Әділханова жарыста 5-ші болды.