Қазақстандық спортшылар қазіргі бессайыстан әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мысырдың Каир қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты басталды. Аталған жарыс Токио Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы іріктеу додасы ретінде өткізіледі.

Бүгін қазақстандық Елена Потапенко жартылай финалда бақ сынайтын болса, 11 маусым күні Владислав Сухариев жарыс жолына шығады.

Аталған дүниежүзілік біріншілік 14 маусымға дейін жалғасады. Осымен іріктеу жарыстары аяқталып, қалған жолдамалар әлемдік рейтинг бойынша үлестіріледі. Айта кетерлігі, қазіргі бессайыс бойынша Олимпиада ойындарына барлығы 72 спортшы қатысады.