Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Ақмолда Сайрамкез 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.

Ол жалпы 308 (132+176) келі зілтемір көтерді. Ал бірінші орын алған түркиялық спортшы Озбек Фуркан 317 келіні бағындырды.