Ақмолда Сайрамкез жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТашкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Ақмолда Сайрамкез 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.
Ол жалпы 308 (132+176) келі зілтемір көтерді. Ал бірінші орын алған түркиялық спортшы Озбек Фуркан 317 келіні бағындырды.