Санаулы күндерден соң Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Халықаралық федерация жарысқа қатысушылар тізімін жариялады.

Қазақстан командасының құрамы төмендегідей:

Жасөспірім ұлдар:

Абылай Әуелханов (55 келі), Алексей Дроздов (61 келі), Ақмола Сайрамкез (67 келі), Сайхан Тайсуев (73 келі),Рахат Бекболат (102 келі).

Жасөспірім қыздар:

Гүлнұр Ыбырай (64 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі).

Әлем біріншілігі басталғанға дейін команда құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Дүбірлі дода 21-31 мамыр аралығында өтеді.