Иорданияда өтіп жатқан WT таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирінде Руслан Жапаров финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Амири Али Акбарды жеңіп, финалға шықты

Бұған дейін Джансель Дениз (67 келіден жоғары) қазақстандық таеквондошыларына Токио-2020-ға алғашқы лицензияны алған еді.

Іріктеу турнирінің ережесі бойынша екі финалист те жазғы Олимпиадалық ойындарына жолдама ұтып алады.