Қазақстандық таеквондошы Фариза Алдаңғорова Азия құрлықтық іріктеу туринрінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Бұл күндері Иорданияның Амман қаласында таеквондодан Азия құрлықтық Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қазақстан сапынан 49 келіде сынға түскен Фариза Алдаңғорова жартылай финалда жарысты аяқтады.

Финалдық жолдаманы сарапқа саларда ол вьетнамдық қарсыласына есе жіберіп, жолдамасыз қалды. Айта кетерлігі, құрлықтық іріктеу турнирінің финалына шыққан спортшылар Олимпиада жолдамасына ие болады.