Адам Мицкевич атындағы Вильнюс округінің көпшілік кітапханасында Қазақстанның Литвадағы елшілігі «Ұлы Дала әйелдері» фотокөрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Көрмеге Қазақстан тарихының әр кезеңінде мәдениет, өнер, ғылым, саясат және спорттың дамуына үлес қосқан қазақ әйелдерінің фотосуреттері қойылған.

Спортшылар арасында көрменің қатарына бірнеше мәрте халықаралық шахмат турнирлерінің жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық мастер Жансая Әбдімәлік пен мәнерлеп сырғанаудан 2019 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева енді.