Техас штатының Хьюстон қаласында UFC 262 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде бразилиялық Чарльз Оливейра мен америкалық Майкл Чандлер жеңіл салмақтағы (70,3 келі) UFC чемпионы атағын сарапқа салды.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Оливейра қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, Бразилия спортшысы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болды.

Ал кештің негізгі жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Тони Фергюсон Бенеил Дариушпен кездесті. Жеңіл салмақтағы кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Дариуш жеңіске жетті.