Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әділетұлы 89 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 372 келіні (169+203) еңсерді.

Бұл жарыста ирандық Киануш Ростами топ жарды, ал қола жүлдені өзбекстандық Шарварбек Зафарджанов иеленді.