Александр Уваров ауыр атлетикадан Азия чемпионатын төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық ауыр атлет 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Александр Уваров қоссайыс нәтижесінде 320 (140+180) келіні бағындырды.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:
1) Лю Сяуджин (Қытай) - 373 (174+199)
2) Тоштемиров Мухамадокир (Өзбекстан) - 353 (160+193)
3) Реджепов Реджепбай (Түркіменстан) - 341 (156+185)
Комментарии