Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі жалғасуда. Күндізгі сессияда 73 келіге дейінгі салмақта В тобындағы бәсеке мәресіне жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан атынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез сынға түскен болатын. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 310 (130+180) келіні бағындырды.

А тобындағы зілтеміршілер бәсекесінен соң Ақмолданың алтыншы орын иеленген белгілі болды.