Бүгін Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңі аясындағы Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасындағы кездесу басталады, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші жарыс күнінде Юлия Путинцева мен аргентиналық Надия Подороска кордқа шығады. Бұл кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчтарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңіндегі өзге жұптар келесідей: Украина - Жапония; Польша - Бразилия; Ұлыбритания - Мексика; Сербия - Канада; Латвия - Үндістан; Румыния - Италия; Аргентина - Қазақстан; Нидерланды - Канада.

«Топ-10». Қазақстанның бірінші ракеткасы алға қойған мақсатын айтты

«Қыздар Ұлттық құрамада екенін мақтан тұтады»